✅ Қазіргі жігіттерде ше? Қазіргі бізде ше? Пайғамбардың (ﷺ) хадисін жүрген жерде де, тұрған жерде де аяқ асты айтамыз. Сол ма құрмет !? Пайғамбарымыздың (ﷺ) сүннет жолдарын ұстанамыз дейміз да, сүннет намазымызды оқымаймыз. Мен "Суннамен" жүреміз дейміз. Пайғамбарымыздың (ﷺ) жасаған мінез - құлқы жоқ бізде. Пайғамбарымыз (ﷺ) қандай кешірімді, жүзінде күлкі болған. Білесіздер ма ?! Пайғамбарымыз (ﷺ) ешқашан маңдайын тырыстырған емес. Пайғамбарымыз (ﷺ) ешкімді балағаттаған, лағынеттеген, жамандаған емес. Пайғамбарымыздың (ﷺ) аузынан ұятсыз сөздер шыққан емес. Пайғамбарымызды (ﷺ) бір көрген адам өзінің танысындай болады екен, отырыстас болған адам жақсы көріп қалады дейді. Бір сахаба бір күні Салаллаһу алейхи уассаламды сонша жақсы көріп қалғаны, араласқаны, ойлайды екен, Пайғамбарымыз (ﷺ) ең жақсы көрген адамы мен деп. Сөйтіп келіп:
- Я, Расулалла! Сіз өзіңіздің сахабаларыныздың арасында, жаныңыздағы адамдардан кімді жақсы көресіз десе :
- Айшаны - деген екен. (Енді ол әйелі ғой, жарайды)
- Одан кейін кімді жақсы көресіз десе:
- Алиді деп айтад, Әбу Бәкірді да. Сосын ары қарай сұрағысы келмейд. Өйткені, барған сайын ұзап баратқанын түсінеді де. Үшінші де, төртінші де ол болмайтының түсінеді. Сол күйі армандап қалайыншы төртіншісі мен шығармын дегендей үндемей кетіп қалады. Яғни, Пайғамбарымыз ﷺ) соншалықты адаммен араласқан, ең жақсы көрген адамы мен шығармын дейді екен да. Солай араласқан достарымен. Соншалықты жақын, соншалықты етене болған.
✒ Ұстаз Арман Қуанышбаев